Қар аралас жаңбыр, тұман: демалыс күндерінің ауа райы болжамы жарияланды
Алдағы бірнеше тәулікте еліміз бойынша жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы демалыс күндері – 18-20 ақпан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктер болжамынша, демалыс күндері және дүйсенбіде еліміз аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, оған Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды ағындар ықпал етеді.
«Республиканың кей аймағында қар жауады, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Сонымен қатар сенбі, яғни 18 ақпанда Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады», - делінген хабарламада.
Алдағы бірнеше тәулікте еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік облыстардың тұрғындарына көктайғақ туралы ескертіледі, ал республиканың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын боулы мүмкін.