$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетау мен Семейде жаңа ЖЭС салынатын болды

Ал Павлодар мен Екібастұздағы ЖЭС жаңғыртылып жатыр 

Көкшетау мен Семейде жаңа ЖЭС салынатын болды
Фото ашық дереккөзден

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Сенатта өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда қай өңірде жаңа ЖЭС салынатынын айтты, Azattyq Ruhy.

Роман скляр атап өткендей, алдағы екі жылға жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған қырықтан астам жоба жоспарланып отыр. 

«2025 жылға дейін қуаттылығы 757 мегаватт жаңартылатын энергия көздерінің 41 жобасын пайдалануға беру жоспарда бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық жылу энергия станциясы мен электр желілеріне ревизия жүргізіліп жатыр. Бұл тексеру биыл бірінші тоқсанда аяқталады. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын қабылдаймыз», - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар, ол ауқымды жөндеу науқанына дайындық жүргізіліп жатқанын айтып өтті. 

«Меншік иелерінің жауапкершілігі қайта қаралып, бақылау-қадағалау фунциялары мен саланың жалпы тиімділігі күшейтіліп жатыр. Арнайы комиссия тез арада жаңғыртуды қажет ететін 19 проблемалы жылу электр стансасын анықтады. Президенттің тапсырмасымен Көкшетау, Семей қалаларында жаңа жылу электр станцияларын салу, Павлодар мен Екібастұздағы ЖЭС-терді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Премьердің бірінші орынбасары.

Серіктес жаңалықтары