$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс»: Тоқаев өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы

Президент құтқарушылар жұмысының қиын әрі қатерлі екенін атап өтті

«Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс»: Тоқаев өрт сөндіруші Асқар Забикулин туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Азаматтық қорғау академиясына барды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматтық қорғау академиясы – төтенше жағдайлардан қорғау саласы бойынша маман даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

«Соңғы уақытта 569 курсант күндізгі бөлімде, 161 курсант қашықтан оқу бөлімінде білім алып жатыр. Сондай-ақ 168 курсант шетелдік салалық жоғары оқу орындарында оқиды.

Академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі», - делінген Ақорда хабарламасында.

«Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмыс. Шын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі. Төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсетті. Басқа адамдардың өміріне араша түсіп, қаза тапқан құтқарушылар аз емес. Олардың қатарында осы Академияның түлегі Асқар Забикулин де бар. «Ер есімі – ел есінде». Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, өткен жылдың 16 қарашасы күні елордалық өрт сөндірушілер Астанада қызыл жалынға оранған пәтерден бес адамды құтқарды. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өрт сөндіру кезінде құтқарушылардың өздерін күйік шалған.

20 қараша күні құтқарушылардың бірі – Асқар Забикулин қызметтік борышын орындау кезінде алған ауыр жарақатынан аурухана төсегінде көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары