14.02.2023, 08:55
Жаңалықтар
Доллар қайта қымбаттады: 14 ақпандағы валюта бағамы қандай
Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Фото: sputnik.kz
Қазақстанның Ұлттық банкі 14 ақпанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы қайта көтеріліп, 452,43 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 450,79 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6,36 теңге болды.
Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 452 теңгеден сатып алынып, 456 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 452 теңгеден сатып алынып, 455 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 452,43 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 483,06 (еуро)
- RUB / KZT – 6,14 (Ресей рублі)
- TRY / KZT – 24,02 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 66,26 (қытай юані)
- KGS / KZT – 5,21 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 3,99 (өзбек сомы).
Көп оқылған
20.03.2026, 11:53
Қазақстанда Наурыз мерекесінде ауа райы қандай болады
20.03.2026, 13:51
«Сыртынан қарағанда аяғы ауыр әйелге ұқсады»: Алматы дәрігерлері 69 жастағы әженің ішінен 25 келі ісік алып шыққан (ФОТО)
20.03.2026, 14:52
Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы көпір астынан ер адамның мәйіті табылды