$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Молдова президенті Кремльді мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты деп айыптады

Майя Сандудың айтуынша, Мәскеу ол үшін бірнеше елдің азаматтарын тартуды көздеген

Молдова президенті Кремльді мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты деп айыптады
Фото: euronews.com

Молдова президенті Майя Санду Украинаның барлау агенттіктері оған Кремльдің республикадағы билікті басып алу жоспарлары туралы ақпарат бергенін айтты. Сандудың айтуынша, Мәскеу бұл үшін Ресей Федерациясының, Беларусьтың, Сербияның және Черногорияның азаматтарын тартуды көздеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.

«Жоспарда әскери дайындығы бар, азаматтық киім киген диверсанттарды пайдалануды көзделген, олар зорлық-зомбылық әрекеттерін, соның ішінде кейбір мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасауды және мәжбүрлі кепілге алуды жүзеге асырмақ. Кишиневтегі билікті күшпен өзгерту үшін оппозицияның наразылықтары сылтау болмақ» , - деді Майя Санду арнайы брифингте.

Оның айтуынша, Ресейдің мақсаты – елдің еуроинтеграциясын тоқтату және Молдованы Украинаға қарсы соғыста пайдалану.  Мемлекет басшысы Парламентті арнайы қызметтерге қосымша өкілеттіктер беруге шақырды.

Өткен аптада президент Владимир Зеленский украиналық барлау қызметі Кремльдің жоспарларын анықтағанын айтты.

Молдова билігі тыйым салуға тырысқан «Шор» оппозициялық партиясы Майя Сандуды билікте күшпен отыра бергісі келеді деп айыптады. Басқа оппозициялық күштердің өкілдері бұл әрекетті арандату және мәжбүрлеу деп танып, дәлелдер келтіруді талап етті.

Серіктес жаңалықтары