$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2020, 11:08
Жаңалықтар

Иранның тағы бір вице-президентінен коронавирус анықталды

Елде коронавирустан 26 адам көз жұмды 

Иранның тағы бір вице-президентінен коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Иранның әйелдер және отбасы мәселелері бойынша вице-президенті Масуме Эбтекардың коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Коронавирустың кейбір белгілерін негізге ала отырып Эбтекар ханымға анализ жасалды. Сынама оң нәтиже көрсетті», - деп хабарлады IRNA агенттігіне вице-президенттің көмекшісі.

Бейсенбідегі мәліметке сәйкес, Иранда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 245-ке жеткен. Олардың 26-сы көз жұмды.

Айта кетсек, бұған дейін осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчиден коронавирус анықталғаны белгілі болған. Дәрігердің өзі де коронавирус жұқтырғанын растаған еді.

Кейін 57 жастағы парламент депутаты Махмуд Садекиден де коронавирус табылғаны белгілі болды. Бұл туралы ирандық саясаткердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары