28.02.2020, 09:25
Жаңалықтар
Италияда коронавирус құрбандарының саны артуда
Көз жұмғандардың барлығы егде жастағы адамдар
Фото: ашық дереккөзден
Италияда коронавирустан 17 адам көз жұмды. Бұл туралы елдегі азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
«Сөзімді жақсы жаңалықтан бастағым келіп тұр. Ломбардия облысында тағы үш адамның сауығып кеткені туралы хабар келді. Яғни Ломбардияда жазылып шыққандар саны 40-қа жетті. Және Сицилияда екі адам, ал Лацияда 3 адам ауруынан айығып кетті», - деді Боррелли.
«Көз жұмғандар саны өзгерді. Ломбардияда тағы 3 адамның қайтыс болғаны туралы хабарлады, олардың барлығы 80 жастан асқандар», - деп сөзін толықтырды ол.
Бұған дейін Италияда коронавирустан 14 адамның көз жұмғаны туралы айтылған. Қайтыс болғандардың барлығы да егде жастағы азаматтар болатын.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 07:39
Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы