ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Коронавирус: Жапония мектептері карантинге жабылады

Оқушылар сабаққа наурыз айының ортасына немесе соңына дейін бармауы мүмкін

Фото: nhk.or.jp

Жапонияда коронавирустың кеңінен таралуының алдын алу үшін премьер-министр Синдзо Абэ жергілікті билік өкілдерінен мектептерді бүкіл ел бойынша уақытша жабуды сұрады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.
 
NHK телеарнасының хабарлауынша, мектептердегі карантин 2 наурыздан басталып, елдегі жағдайға қарай көктемгі демалыс басталғанға дейін ұзартылмақ. Оқушылар сабаққа наурыз айының ортасына немесе соңына дейін бармауы мүмкін.

Жағдай тұрақталып жатса, жергілікті билік сәуір айынан бастап мектеп сабақтарын жаңартылған нұсқада оқытуды жоспарлап отыр. 

Айта кетсек, Жапонияда бір күннің ішінде 15 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 900 адамға жетті. Олардың 705-і  – Diamond Princess кемесінің жолаушылары мен экипаж мүшелері. Круиздік лайнер бортында төрт қазақстандық та болған еді. 23 ақпан күні олар Қазақстанға оралған болатын, қазіргі таңда ол отандастарымыз карантинде жатыр.