Ауа райы: еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Синоптиктер жұма күні бірқатар өңірде қатты жел соғатынын ескертті
28 ақпан күні елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының кей аумағына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.
Орал қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей аумағында шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, кей тұста 23 м/с жетеді.
Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей аумағына тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.
Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ болуы мүмкін.