06.02.2023, 13:13
Жаңалықтар
«AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезінің күн тәртібі бекітілді
Съезд 7 ақпан күні Астана қаласында өтеді
Фото «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен
«AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезінің күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Azattyq ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтті. Кеңес қаулысымен кезектен тыс XXV Съездің күн тәртібі бекітілді:
- Партия Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.
- Партиялық тізімдер және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды бекіту туралы.
- Партияның сайлауалды бағдарламасы туралы.
Еске сала кетейік, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың шешімімен «AMANAT»-тың Съезі 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді