$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан осы айда Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізеді

2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай Германияға жеткізілмек

Қазақстан осы айда Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізеді
Фото: ТАСС

Қазақстанда ақпанда 20 мың тонна мұнайды Германияға жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, «ҚазТрансОйл» АҚ ақпан айында 20 мың тонна көлеміндегі қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр.

«2022 жылдың желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады», - делінген компанияның Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары