Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышы көкке көтерілді

Azattyq Rýhy

Зымыранға «Электро-Л» № 4  ғарыш кемесі бекітілген

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышы көкке көтерілді
Фото ашық дереккөзден

5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15:12 шамасында Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышы көкке көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Зымыранға «Электро-Л» № 4  ғарыш кемесі бекітілген.

«Электро-Л» сериялы ғарыш аппараттары ғалымдарға ауа райын болжауға, авиация саласындағы ұшу жағдайларын талдауға, теңіздер, мұхиттар акваторияларының жай-күйін бақылауға, сондай-ақ қауіпті аудандардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі. 2011 жылдан бастап Жер орбитасында «Электро» жүйесі жұмыс істейді, бұл бағытта «Электро-Л» № 2 және «Электро-Л» № 3» сынды мақсатты жерсеріктері қолданыста екенін жеткіземіз», - делінген Роскосмос хабарламасында.

Зымыранды ұшыру сәтін Роскосмостың ресми YouTube арнасынан тамашалауға болады, ол шамамен 10 минут уақытты алды. 

Зымыран сағатына 24 мың шақырым жылдамдықпен заулайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.