$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда қайырымдылық жәшігіне жиналған ақша заңсыз діни сабақтар өткізуге жұмсалған

Қайырымдылық арқылы экстремистік ұйымдарға қаржылай демеушілік жасаған

Ақтауда қайырымдылық жәшігіне жиналған ақша заңсыз діни сабақтар өткізуге жұмсалған
Фото ашық дереккөзден

Ақтаудағы сауда орындарында қойылған қайырымдылық жәшіктерінен жиналған ақша заңсыз діни сабақтар өткізуге жұмсалған. Бұл туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы тектес жәшіктерге жиналған қаражаттың заңсыз діни сабақтар өткізуге жұмсалғаны анықталды. Сондай-ақ деструктивті діни ағымды жақтаушылар «қайырымдылық жинау» арқылы террористік, экстремистік ұйымдарға қаржылай демеушілік жасағаны туралы деректер де бар», - делінген полиция хабарламасында.

Маңғыстау облысының полиция департаменті заңсыз әрекеттер үшін Қылмыстық кодекстің 258-бабында жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, мешіттерде орналасқан арнайы қайырымдылық жәшіктеріне садақа жасауға кеңес берді.

Серіктес жаңалықтары