$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Таптым-ау сені»: қазақ әні корей тілінде шырқалды

Әннің cover нұсқасы YouTube парақшасында жарияланды

Оңтүстіккореялық әнші Сон Вон Соб қазақстандық әнші Қазбек Құрайыштың «Таптым-ау сені» әнін корей тілінде орындап шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сон Вон Соб қазақ әнін алғаш рет орындап отырған жоқ. Осыған дейін ол Батырхан Шүкеновтің «Дождь» әнін шырқап, желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленген болатын.

«Өте әдемі орындау Қазақ өлеңдеріне cover жазғаның қандай жақсы, дауысың бірден басқаша көрініс табады», «Құрметті Вон Соб, сізге көп рақмет! Өте керемет шынайы орындау болды. Алдағы уақытта сіздің орындауыңызда Қазақ елінің әндерін тағы естимін деген ойдамын. Өнеріңіз өрлей берсін», «Қандай керемет тіл, қандай керемет орындау. Бұл ән Кореяда да танымал болады деп ойлаймын», деп желі қолданушылары әншіге тамсанысын білдіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары