$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сарапшы: Парламенттік сайлау арқылы халық саяси өмірге белсенді араласады

Оның айтуынша Парламент сайлауына барлығы қатысуы керек

Сарапшы: Парламенттік сайлау арқылы халық саяси өмірге белсенді араласады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

«Қазақстан қоғамдық даму институтының» басқарма төрағасы Нұрбек Мәтжани Парламент сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сарапшы сөз басында сайлау саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететінін айтып өтті.

«Сайлаудан күтетінім – сайлау мен дауыстарды санауға деген сенімнің қалпына келуі. Парламенттік сайлау арқылы халықтың саяси өмірге белсенді араласуға мүмкіндігі пайда болады. Сайлау сондай-ақ саяси мәдениеттің қалыптасуына және партияаралық бәсекелестіктің артуына ықпал етеді.

Нұрбек Мәтжанидың айтуынша Парламент сайлауына барлығы қатысуы керек.

«Бес жылдан кейін келесі Парламент сайлауында депутаттардың қайсысы сөзбен, бос айқаймен шектеліп, кімнің нақты нәтижеге қол жеткізгені белгілі болмақ. Парламенттік сайлаудың ел өміріндегі рөлі ерекше, оған барлығы қатысуы керек. Саяси үдерістердің сәттілігі осыған байланысты болады».

Айта кетейік, Мемлекет басшысы жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шығарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 19 наурызға Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгіледі. Мәслихат депутаттарының сайлауы да дәл осы күні өтеді.

Серіктес жаңалықтары