01.02.2023, 15:57
Жаңалықтар
Қазақстанның қай өңірінде қарттар үйі көп – статистика
Қарттар үйінде 20,7 мың зейнеткер тұрады
Фото: tengrinews.kz
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы қарттар мен мүгедектер үйінде 20 733 зейнеткер тұрады. Оның 11868-і – ерлер, 8865-і – әйелдер, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қарттар үйінің көпшілігі Шығыс Қазақстан (2787 орындық 17 үй), Қарағанды (2527 орынға арналған 11 үй) және Батыс Қазақстан облыстарында (1294 орынға арналған 11 үй) жұмыс істейді.
Одан кейінгі орында Қостанай облысы (1723 орынға 9 үй) тұр. Ақмола (1218 орынға) және Алматы облыстарында (1810 орынға) 8 үйден бар. Елдің басқа аймақтарында 2-ден 6-ға дейін қарттар мен мүгедектер үйі бар.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды