Кореялық әнші Батырхан Шүкеновтің танымал әнін орындап, жұрттың ыстық ықыласына бөленді

Azattyq Rýhy

Корей тіліндегі нұсқасы YouTube парақшасында жарияланды

Оңтүстіккореялық әнші Сон Вон Соб қазақстандық әнші Батырхан Шүкеновтің танымал «Дождь» әнін орындап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Вон Соб танымал әншілердің туындаларына кавер жазып, өзінің YouTube парақшасына жариялайды.

«Сон Вон Соб, орындаған әніңіз керемет! Жүрекке жететіндей етіп орындадыңыз. Тоқтамай тыңдай бергім келеді. Рақмет!», «Біздің әндеріміз корей тілінде сондай керемет орындалады. Сон Вон Соб, рақмет саған», «Батырхан Шүкеновтің шығармашылығынан хабарым көп. Корей нұсқасы да нағыз шедевр. Вон Соб, браво!», «Керемет кавер үшін рақмет! Қазақстан Батырды мақтан тұтады. Оның шығармашылығы тоқтап қалмай, жұртшылықты ыстық ықыласқа бөлеп келеді», - деп желі қолданушылары ыстық лебіздерін білдірді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.