Канада Украинаға Leopard танктерін беруге мүдделі
Оттава Украинаға Қорғаныс министрлігіндегі 5 Leopard 2 неміс танкісін бере алады

Канада билігі Украинаға Leopard 2 танктерін беруді қарастырып жатыр, бірақ олардың саны шектеулі болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CBC News-ке сілтеме жасап.
Канада Украинаға төрт Leopard 2 танкісін беру бойынша шешім әлі қабылданған жоқ.
«Бір дереккөзіміз Канада Украинаға A4 танк моделін беруі мүмкін екенін айтты. Канада Ауғанстандағы соғыс кезінде Нидерландтан А4 сатып алған», - деп нақтылайды басылым.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Джо Байден Украина Қарулы күштеріне 31 M1 Abrams танкі мен басқа да техниканы жеткізу туралы ресми түрде хабарлады.
Сондай-ақ, Германия Украинаға Leopard 2 танктерін жеткізуді ресми түрде хабарлап, оларды басқа елдерге қайта экспорттауға рұқсат берді.