Риддердегі жылу электр орталығын жөндеуге 7 млрд теңге бөлінбек
Қаладағы ЖЭО- да өткен жылдың 11 қарашасында апат болып, тұрғындардың біраз бөлігі жылусыз қалды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ның жағдайы туралы айтты.
“Инвесторға қатысты, өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының заңдары бойынша бұл жеке меншік болып есептеледі. Мен өзім сатып алу-сату туралы енді білдім. Енді бізде жаңа меншік иесі бар. Біз онымен бірге жұмыс істейміз. Бұл меншік иесі тиімдірек болады деп үміттенемін. Менің уағдаластығыма сәйкес, жақын уақыт ішінде ол өзі компанияның күрделі жұмыстарды жүргізуге кемінде 7 млрд теңге мүмкіндігі болатын банктік ұсынымдарды ұсынуы тиіс”,- деді ол.
Даниал Ахметов ҚР заңдары тіпті қиын жағдайларда да меншік нысанын өзгертуге араласуға және айналысуға мүмкіндік бермейтінін айтты.
“Біз құқықтық мемлекет аясында жұмыс істейміз. Менің ойымша, Энергетика министрлігі маңызды жағдайларда меншік нысанын өзгертуге құқық беретін тиісті өзгерістер енгізуі керек. Бұл - қазақстандық инвестор. Қандай шарттар бар екенін мен әлі білмеймін, себебі ол жеке ақпарат, онымен екі жеке меншік иесі айналысып жатыр”,- деді Даниал Ахметов.
Айта кетейік, Риддердегі ЖЭО- да 11 қарашада апат болып, тұрғындардың біраз бөлігі жылусыз қалды. Кейін апат қалпына келтірілді.