$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде жылыжайдан шыққан шіріген қызанақ қалдықтарын қала шетіне төгіп кеткен

Қоқысты төгу талабын бұзған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынған

Ақтөбеде жылыжайдан шыққан шіріген қызанақ қалдықтарын қала шетіне төгіп кеткен
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде бүлінген қызанақ қалдықтарын қала шетіне төккен жылыжай иесі іздестіріліп жатыр. Қар үйетін полигонға көкөніс сабақтарынан бастап, түйнектерін, қалған-құтқан қоқыстарын шашып тастапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбе іргесіндегі бұл аумаққа тек қар жинауға ғана рұқсат берілген. Бірақ қорап пен пакеттерге толы қоқыс төгіп жүрген көліктерді эко-белсенділер ұстап алыпты. Сөйтсе жылыжайдың үсіген, бүлінген қызанақ пен көкөніс сабақтарын қоқыс полигонына тасуға ерінген. Жақын маңдағы үйілген қар арасына апарса ешкім байқамайды десе керек. Эко-белсенділер көкөніс түйнектері мен шөп-шаламынан қоршаған ортаға келе қояр зиян болмаса да, салынған пакеттер мен қораптар көктемде қала ішіне шашылып, бүлдіреді деп отыр. Қоқысты төгу талабын бұзған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынған. Ал қалдықтың қай жылыжайдан шыққанын таптық дейді әкімдіктегілер.

 «Бізде жылыжай көп. Сол қоқыс арасынан табылған жәшіктерде «Грин хаус» деген жазу бар. Сол жерге учаскелік қызметкер шақырып, қазір анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр», - деді Ақтөбе тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің бас маманы Ернар Қалауов.

Серіктес жаңалықтары