05.01.2023, 08:00
Жаңалықтар
Атырау облысында ауыл жастары төбелесіп, жас жігіт мерт болды
Қанды оқиға Сағыз ауылында болған
фото: ашық дереккөзден
Атырау облысында футбол ойынына жиналған жігіттердің арасында жанжал болып, соңы адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
atyrauoil.official парақшасының хабарлауынша, Сағыз ауылында жас жігіттер жолдастық кездесу өткізу үшін спорт кешеніне жиналған. Ойын барысында өзара сөзге келіп, жанжал сыртта жалғасқан.
Төбелес салдарынан бір студент ауруханаға түсті және ал жақында ғана әскерден оралған 22 жастағы жігіт суық қарудан көз жұмды.
Полиция Қылмыстық кодекстің Адам өлтіру бабымен тергеуді бастады. Күдікті ретінде 24 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды