04.01.2023, 15:09
Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы белгілі ақын, мәдениет қайраткері Серікзат Дүйсенғазыға ұлы Әлиханның мезгілсіз дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Отбасыңызға зор ауыртпашылық әкелген қаралы хабар бәрімізге ауыр тиді. Ұлыңыз Әлиханның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын.
Ата-ана үшін перзентін жоғалтудан асқан қасірет жоқ. Мұндай өзекті өртейтін жағдайда сабыр сақтап, бекем болыңыз.
Ұлыңыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Шаңырағыңызға тек жақсылық тілеймін!», - делінген жеделхатта.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді