$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен екібастұздық балалар курортқа жолдама алды

«AMANAT» партиясының СҚО филиалы 35 балаға жолдама сыйлады

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен екібастұздық балалар курортқа жолдама алды

Екібастұз қаласында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 1 мыңнан астам  балаға еліміздің түрлі демалыс орындарына жолдама берілді. Олар Ақмола, Алматы, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарына барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«AMANAT» партиясының СҚО филиалы 35 балаға Ақмола облысы Зеренді ауданының «Парус» демалыс орнына жолдама сыйлады. Екібастұздан Көкшетауға қатынайтын пойызды партияның өңірлік филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров қарсы алды.

«Балалардың демалысы «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Партияның облыстық филиалы балалардың саяхаты мен демалысына ақша жинады. Оның басым бөлігі – біздің аймақтың демеушілерінің ақшасы. Бірнеше апта бұрын бүкіл ел Екібастұз тұрғындарына жанашырлық танытты. Бүгін, қиын күндер артта қалғанда, біз демалыс кезінде балалардың көңілін аулап, оларды назарымызбен жылытқымыз келеді», - деді ол.

Екібастұздық балалар төтенше жағдайды ұмыта қойған жоқ. Олар бір ай бойы тоңып отыруға мәжбүр болды. Балалар қысқы каникулды көңілді өткізуге мүмкіндік алғанына ризашылығын білдірді.

Демалыс орнында балалар  күрес, хоккей, футбол, аралас жекпе-жек, шахмат, теннис сынды спорт түрлерімен шұғылданады. Меймандардың демалысы үшін мерекелік бағдарлама, спорттық және басқа да іс-шаралар дайындалды. Күн сайын дискотека, концерт, түрлі жарыс, көлде және орманда конькимен, шаңғымен сырғанау, түтіктер мен қарда жүретін көліктермен серуен ұйымдастырылмақ.

Екібастұз қаласында тұратын 1 мыңнан астам бала Алматы, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарындағы демалыс базаларына барады.

Серіктес жаңалықтары