31.12.2022, 17:31
Жаңалықтар
Рим Папасы Бенедикт XVI қайтыс болды
Ол 31 желтоқсанда таңертең Ватикандағы Mater Ecclesiae монастырында қайтыс болды
Рим Папасы Бенедикт XVI 95 жасында қайтыс болды. Ол 31 желтоқсан күні таңертең Ватикандағы Mater Ecclesiae монастырында қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Бенедикт XVI 265-ші Рим Папасы болды, ол 2013 жылдың ақпанында тақтан бас тарту туралы шешім қабылдаған. Содан бері ол Ватикан бақтарындағы Mater Ecclesiae шағын монастырында тұрды.
28 желтоқсанда жағдайы нашарлағаны туралы ақпараттар жарияланды. Италиялық БАҚ-тың хабарлауынша тыныс алуы нашарлап, жүрегі сыр берген.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді