31.12.2022, 16:49
Жаңалықтар
Түркияда мейрамханада болған жарылыс: зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Түркияның Назилли қаласында мейрамханада жарылыс болып, 7 адам қаза тапты
Түркия мейрамханасында жарылыс салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстанның азаматтары жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады. Сондай-ақ, ведомстводан бұл соңғы дерек екені айтылды.
Айта кетсек, Түркияның Назилли қаласында мейрамханада жарылыс болып, 7 адам қаза тапты. Мейрамханада 20-дан астам адам болған.
TRT телеарнасының хабарлауынша, жарылыс мейрамхананың асханасында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30-да газ баллонын ауыстырып жатқан кезде тіркелген. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді, олардың жағдайы ауыр деп хабарланды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді