$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тайваньда бомбадан қорғану үшін 10,5 мың панахана жасақталады

Олар аралда тұратындардан үш есе көп адамды қабылдай алады

Тайваньда бомбадан қорғану үшін 10,5 мың панахана жасақталады
Фото: ашық дереккөзден

Тайвань билігі 86 миллион адамды қабылдай алатын зымыран бомба соққыларынан қорғайтын 10,5 мың панахана  жабдықтайды. Бұл туралы Тайвань ішкі істер департаменті мәлімдеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС-қа сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, панаханалар Тайваньның барлық аумағында салынып жатыр. Қазір аралда шетелдіктерді қосқанда шамамен 24 миллион адам тұрып жатыр.

Қорғаныс баспаналарының көпшілігі ұзақ тұруға арналмаған, олар үшін ғимараттардың жерасты бөлмелері, соның ішінде автотұрақтар пайдаланылады. 1970 жылдан бастап жергілікті заңға сәйкес биіктігі алты қабаттан асатын барлық ғимарат осындай қондырғылармен жабдықталуы керек.

Биылғы тамыз айында Тайбэй қаласының билігі ең жақын бомба баспанасының орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны жүктеуге шақырды. Тайваньның осы әкімшілік орталығында қазір 5,7 мыңнан астам осындай нысан бар. Олар шамамен 13 миллион адамды қабылдай алады, бұл қала тұрғындарынан бес есеге көп.

Серіктес жаңалықтары