АҚШ пен Канадада қарлы боран салдарынан отыздан астам адам қаза тапты

Екі елде миллиондаған адам жарықсыз қалып, жүздеген рейстер шегерілді

АҚШ пен Канадада қарлы боран салдарынан отыздан астам адам қаза тапты
© Blake Rafferty/Twitter

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Америка Құрама Штаттары мен Канадада қатты аяз болып, қарлы бұрқасын соққан. Соның салдарынан кемі 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасай отырып.

Жалпы алғанда, АҚШ-та шамамен 250 млн адам тұратын штаттарда алдымен қатты аяз орнап, артынша қалың қар жауған. Қазір Американың 12 штатында ауа райы бұзылып тұр.

Жалпы алғанда, аяз, қар мен қатты желдің салдарынан АҚШ-та 34 адам, Канадада төрт адам қаза тапқаны хабарланып отыр. Екі елде бір жарым миллионға жуық адам жарықсыз қалған. Сонымен қатар, жүздеген рейстің кейінге шегеріліп жатқаны белгілі.

Синоптиктер Америка мен Канаданың шекарасындағы бұл құбылысқа «Жарылғыш циклон» атауын беріп, әлі де ауа райы қолайсыз болатынын хабарлап отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.