$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жастар» санатына 35 жасқа дейінгілер кіреді: Тоқаев заңға қол қойды

Әйелдер 2028 жылға дейін зейнетке 61 жаста шығады

«Жастар» санатына 35 жасқа дейінгілер кіреді: Тоқаев заңға қол қойды
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданыың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, аталған Заңға сәйкес мына ұғымдарды заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылған:

  • жастардың даму индексі;
  • уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар);
  • жастармен жұмыс жөніндегі маман;
  • жастардың еңбек жасақтары.

Сол сияқты құжат аясында «жастар» ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді. Жалпы бұл құжат жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер береді. Атап айтсақ, жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге бағытталған түзетулер көзделген.

Бұдан бөлек, Президент биыл 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру үшін заң аясында әлеуметтік блокты шешетін мынадай түзетулер енгізілді:

  • бала күтіміне байланысты жәрдемақыны бала 1,5 жасқа дейін жеткенше төлеу;
  • ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70 пайызға дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120 пайызға дейін жеткізу;
  • әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп бекіту;
  • жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.
Серіктес жаңалықтары