СҚО-да зейнеткер немерелеріне алимент төлейтін болды
Борышкер әке міндетін орындамаған
Солтүстік Қазақстан облысында сот әйелдің атасынан немерелеріне алимент төлеу туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлады облыстық прокураураға сілтеме жасаған Halyq Uni.
Ведомствоның хабарлауынша, 2021 жылғы 1 маусымдағы сот бұйрығымен әйелдің пайдасына кәмелетке толмаған балаларға ай сайын табыстың және (немесе) өзге табыстың 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндірілді.
Борышкер әке міндетін орындамады, осыған байланысты 3,7 млн теңге мөлшерінде берешек пайда болды.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 152-бабына сәйкес көмекке мұқтаж кәмелетке толмаған немерелері өздерінің еңбекке қабілетті ата-аналарынан, еңбекке қабілетті кәмелетке толған бауырларынан және апа-сіңлілерінен алиментті сот тәртібімен алуға құқылы.
«Өндіріп алушы борышкердің әкесінен немерелерін асырап-бағуға алимент төлемдерін өндіріп алу туралы өтініші Петропавл қаласының 2022 жылғы 3 наурыздағы №2 сотының шешімімен қанағаттандырылды, оның негізінде 2022 жылғы 28 қарашада атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Алимент атасының зейнетақысынан ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (30 630 теңге) мөлшерінде өндіріледі», - делінген хабарламада.