23.02.2020, 16:32
Жаңалықтар
Қазақстандық спортшы әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанды
Милад Карими спорттық гимнастикадан күміс жүлдеге ие болды
Австралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Милад Карими күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Карими гимнастикалық керме бойынша жаттығуын сәтті аяқтап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Сондай-ақ, ол қол тіреп секіруде 4-ші, қоссырықта 7-ші орын алды.
Аталған жүлде Милад Каримидің әлем кубогі кезеңіндегі екінші медалі. Еркін жаттығуда 14.200 ұпаймен қолаға қол жеткізген болатын.
Айта кетелік, Милад Карими 2019 жылғы әлем чемпионатында көпсайыстан Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы