АҚШ Green Card алу талаптарын қатаңдатты
Америка қоғамының бір мүшесі болуға ұмтылғандар ауқатты болуы шарт
Құрама Штаттарда тұрғылықты мекендеп қалу (Green Card) талаптарына енгізілген өзгеріс 24 ақпаннан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады РИА Новости.
Жаңа ережелерде сондай-ақ, мемлекеттен жәрдемақы алуға ниеттенген өтініш иелеріне де қойылатын талаптар қатаңдай түспек.
«Ішкі қауіпсіздік министрлігі жаңа заңнаманы дүйсенбі күннен бастап қолданысқа енгізе алады. Ол заңнамаға сәйкес, біздің қоғамымыздың жаңа мүшелері қаржылық тұрғыдан ауқатты болуы тиіс», – делінген Ақ үй хабарламасында.
2019 жылдың қазан айында ел басшылығы қабылдаған шешім бойынша иммиграциялық қызметтер табысы төмен иммигранттарға грин-карта немесе виза беруден бас тартуға құқылы болды. Жаңа ереже АҚШ тұрғындарының салық төлеуге қатысты қиындықтарын жеңілдету мақсатында енгізілгенімен, аталмыш шешімді Штаттардың федералдық соты тоқтатып тастаған еді.