$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.02.2020, 09:24
Жаңалықтар

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

23 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Жексенбі, яғни 23 ақпан күні еліміздің басым бөлігінде төменгі атмосфералық қысым ағындары салдарынан жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс аумағына антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде, тұман, көктайғақ, екпінді жел, ал шығыста қарлы боран күтіледі. 

Жамбыл және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей аумағына тұман түсіп, қарлы боран соғады, жолдар көктайғақ болуы мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с болады. 

Түркістан облысына тұман түсіп, күндіз күн күркіреуі мүмкін. 

Алматы облысының кей жерлерінде жел екпіні 17-22 м/с болуы ықтимал. 

Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланды.

Серіктес жаңалықтары