24.02.2020, 09:09
Жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты
Елде вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 763 адамға жеткен
Фото: ашық дереккөзден
Оңтүстік Кореяда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 161 жаңа дерегі тіркелді, деп хабарлайды РИА Новости.
Елде вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 763 адамға жетсе, тағы екі науқас көз жұмды.
Бұған дейін ел президенті Мун Чжэ Ин эпидемиологиялық қауіп-қатердің ең жоғары «қызыл» деңгейін жариялаған болатын. Оңтүстік Кореяда коронавирустан барлығы 7 адам қайтыс болды. 18 науқас ауруханадан жазылып шықса, 8725 адамның сынамасы әлі зерттеліп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы