21.12.2022, 11:25
Жаңалықтар
Асудан ұшып кеткен: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Оқиға орнында төрт адам қаза тапты
20 желтоқсанда Алматы облысында республикалық маңызы бар Көкпек – Кеген – Түп тасжолында жол-көлік апаты тіркелді. Видеодан көліктің биік асудан құлап кеткенін аңғаруға болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы облысы ПД мәліметінше, Hyundai Santamo автокөлігін басқарған 44 жастағы ер адам қатар келе жатқан Mitsubishi Galant көлігіне соғылған. Соққы екпінінен асудан ұшып кеткен Hyundai Santamo жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.
Зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)