21.12.2022, 11:14
Жаңалықтар
Пәтерін жалға беретін 1700-ден астам тұрғын салық органдарында тіркелмеген – МКК
Олардың бәрін тексеруге мораторий қойылған
Фото: tengrinews.kz
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Салық органдары жалға пәтер беретіндердің барлығын тексере алмайды. Себебі мораторий бар. Алайда комитет ІІМ-мен бірлесіп жұмыс атқарады», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстанда тұрғын үйді жалға беретін 5 109 жылжымайтын мүлік иесі анықталған.
«Оның 1410-ы салық төлейді, 1331-і – үй иелерінің туыстары мен достары, қалған 1716 азамат салық органдарында тіркелмеген. Бүгінгі таңда жалға берушілер қазынаға тіркелген жеке кәсіпкерлік бойынша 1,3 млн теңгеден астам салық төледі», - деді Д. Жанәлінов.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)