21.12.2022, 11:30
Жаңалықтар
Арыстан Мұхамедиұлын күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды – сот
Астана қалалық соты хабарлайды
Фото ашық дереккөзден
Астана қалалық соты бұрынғы Ұлттық музей директоры Арыстан Мұхамедиұлын күзетпен ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, биыл 28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалған болатын. Антикордың хабарлауынша 146 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру бойынша тергеу жүріп жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
