Бүгін Қазақстанның көп бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады
Еліміздің басым аумағында жел күшейеді, тұман түседі
Синоптиктер 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жерорта теңізі циклонының терең ойпатымен және атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын, көбінесе қар жауады. Республика бойынша көктайғақ, жаяу бұрқасын болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Еліміздің басым аумағында жел күшейеді, тұман түседі.
Астана қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік батысқа жел ауысады, күші 9-14 м/с жетеді. Ауаның температурасы түнде -10-12°С, күндіз -7-9°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, күннің соңында жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз +2+4°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13, теңертең және күндіз 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1+1°С болады.