$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтау тұрғыны көлік нөміріне «Свой» деп жазып алған

Полицейлер көлікті айып тұрағына жеткізді

Ақтау тұрғыны көлік нөміріне «Свой» деп жазып алған
фото: Маңғыстау облысы ПД.

Ақтауда бейнебақылау камераларының көмегімен жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ақтау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері 14 шағын ауданда орналасқан облыстық әкімшілікке қарсы жолда мемлекеттік белгісінің орнына “СВОЙ” деген жазуы бар Mercedes Benz автокөлігі анықтады. Жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып келе жатқан.

«Жедел басқару орталығы бірден Патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне хабарлап, жедел әрекет етудің нәтижесінде автокөлік тоқтатылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 590-бабы 2-тармағы және осы кодекстің 612-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды», - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ПД.

Автокөлік құралының мемлекеттік белгісі шешіліп, темір тұлпар айып тұрағына жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары