Петропавлда жолаушылар қоғамдық көліктің жұмысына наразы
Қоғамдық көліктің жартысы ескірген
Петропавлда жолаушылар қоғамдық көліктің жұмысына наразы. Олар қыстың аязды күндері бір сағат бойы аялдамада тұрып, күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы арнасына сілтеме жасап.
Петропавлдағы қоғамдық көліктің жартысы ескірген. Қала тұрғындарының айтуынша, іші суық қоғамдық көліктер тиісті жеріне уақытында келмейді. Ескі автобустарда мүлдем жағдай жасалмаған.
Ал «СҚО автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы мәселенің алдын алу үшін тек жол ақысын көтеру керегін айтты. Жолдың құны соңғы рет 2017 жылы қарастырылған. 5 жылға жуық тариф бағасы 80-140 теңге болған. Аталмыш мәселеге кадр тапшылығы да себеп көрінеді.
«5 жыл ішінде қосалқы бөлшектердің, автошиналардың, жанар-жағармай материалдарының бағасы өскенін ескерген жөн. Ал тариф бағасы өзгермеді. Мұндай объективті себептер көп. Бұл халық үшін қиын болатынын түсінеміз. Бірақ мәселе бар. Оны шешу керек. Бұл жұмыстың барлығы сапаны жақсартуға арналған», – деді «СҚО автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенова.
Жергілікті әкімдік мәселемен таныс болып шықты. Бірақ ескі автобустарды жаңартуға асықпайтын көрінеді.
«Бүгінгі таңда автобустардың арақашықтығы 10-15 минут. Кейде ескі автобустардың сынып қалады. Қосалқы бөлшектердің жетіспейді және жүргізушілер жоқ», – деді қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.
Петропавлдағы қоғамдық көліктер 19 бағыт бойынша жүреді. Күнде сағат 8:00-ге жуық ескі автобус іске кіріседі. Ал демалыс күндері олардың саны 5-ке дейін азаяды. Облыс орталығында 100 жаңа, 100 ескі үлгідегі көлік бар.