13.12.2022, 21:19
Жаңалықтар
Биылғы 10 айда елімізден 20 мыңнан астам адам көшіп кеткен
Ал ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3,2%-ға өскен
Фото ашық дереккөзден
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылғы қаңтар-қазанда елімізге тұрғылықты тұруға 12 926 адам тіркелді, елімізден 21 875 адам кетті, көші-қонның айырымы - 8 949 адам болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Статистиктердің мәлімдеуінше, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр.
ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,0% және 84,4% болды.
Ал ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3,2%-ға өскен.
Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық қоныс аударып жатқан өңірлер: Алматы (30 388 адам), Астана (29 086 адам) және Шымкент (2 311 адам) қалалары.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды