Ақтөбе облысындағы медициналық мекеме жедел жәрдем көлігін 4 есе жоғары бағамен сатып алған
Мұндай деректер тағы бірнеше өңірде анықталды
Ақтөбе облысындағы медициналық мекеме жедел жәрдем көлігін 4 есе жоғарылатылған бағамен сатып алған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осындай деректер Алматы, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Павлодар облыстарынада анықталды.
Бас прокурор Берік Асылов бірқатар тексеріс барысында бюджет қаржысын жымқыру және сапасыз медициналық техниканы аса қымбат бағаға сатып алу фактілері әшкере болғанын мәлімдеді.
15 сотқа дейінгі тергеу басталып, 405 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Берік Асылов алқа отырысының қорытындысы бойынша облыстық прокуратураларға мемлекетке келтірілген залалды өтеуге қол жеткізуді тапсырды.