$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда неке жүзігінің бағасы күрт қымбаттады

Зергерлік бұйымдардың бағасы биыл да айтарлықтай өскен

Қазақстанда неке жүзігінің бағасы күрт қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі нақты мәнде 3,2%-ға қысқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еnergyprom компаниясының зерттеуінше, жыл басынан бері Қазақстанда 1,15 миллиард теңгенің зергерлік бұйымы мен әшекей өнімдері өндірілген, бұл ақшалай түрде өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға жоғары көрсеткіш. Бұл ретте сектордағы өнім нақты мәнде 3,2%-ға қысқарған.

«Зергерлік бұйымдардың бағасы биыл да айтарлықтай өскен. Осылайша, 2022 жылдың қарашасында алтыннан жасалған неке сақинасы 2021 жылдың қарашасымен салыстырғанда 37,6%-ға қымбаттады», - дейді сарапшылар.

Неке жүзіктерінің ең қымбаты Солтүстік Қазақстан облысында сатылып жатыр: мұнда олардың бағасы бір жыл ішінде бірден 71,6%-ға өскен. Одан кейінгі орында Жетісу және Алматы облыстары тұр. Бұл өңірлерде тиісінше 68,3% және 66,6% қымбаттаған.

Сондай-ақ Астанада, Шығыс Қазақстан облысында, Алматыда және Ақмола облысында (44,9%-ға) айтарлықтай баға өсімі байқалады.

Баға Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында аз қымбаттаған.

Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасында 98,3 мың неке тіркелді, бұл – 2020 жылғы «коронадағдарысты» есепке алмағанда, соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткіш.

Серіктес жаңалықтары