$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша жеңілдік санаттарының тізімі кеңейтілді

Енді инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі

«Болашақ» бағдарламасы бойынша жеңілдік санаттарының тізімі кеңейтілді
Фото: ашық дереккөзден

«Болашақ» үздік шетелдік жоғары оқу орындарда академиялық оқуға арналған жеңілдік санаттарының тізімін кеңейтті, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Жоғары Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023 жылдан бастап инженерлік-техникалық қызметкерлер мен медициналық мамандар жеңілдетілген шарттармен «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурстық іріктеуіне қатыса алады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді. Аталған өзгертулердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Серіктес жаңалықтары