Атырауда 13 автобус арнайы тұраққа қойылды
Қалада бір апта ішінде такси мен автобус жүргізушілері 1214 рет құқық бұзған
Атырау облысында «Автобус» жедел-алдын алу іс -шарасы өтті. Басты мақсат жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтау,жолаушылар тасымалы мен қауіпсіздігін арттыру қажеттілігіне аудару болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыс департаменті хабарлағандай, іс-шара кезінде, яғни 5-11 желтоқсан аралығында автобус және такси жүргізушілеріне қатысты 1214 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде:
- көлік құралын рұқсатсыз жабдықтаған-33;
- заңсыз жолаушы тасмалымен айналысқан-4;
- демалу режимін бұзған-7;
- техникалық талаптарды бұзу-169;
- рейс алдында техникалық және медициналық тексерістен өтпеу-23;
- көлік құралын ұялы телефон қолдана басқару-114;
- жылдамдықты шамадан тыс асырған-148 ;
- маневр қағидасын бұзу-136;
- жолдың қарсы бағытына шығып кеткен 3 жүргізуші анықталды.
Сонымен қатар арнайы тұраққа 13 автобус қойылып, 27 қоғамдық көліктің техникалық талаптарға сай келмеуінен және көлік құралын басқарудан шеттету бойынша мемлекеттік белгілері түсірілді.
Сондай-ақ, автобустарда өрт қауіпсіздігін артыру мақсатында 1560 автобустардың жылыту жүйелері тексерілді.