21.02.2020, 16:22
Жаңалықтар
«Қазтелерадионың» филиал директоры қызметкерін тұншықтырмақ болған
Оқиға жұмыс уақытында болған
Фото: ашық дереккөзден
«Қазтелерадио» АҚ Қостанайдағы филиалының директоры қызметкерлердің бірін тұншықтырмақ болған. Бұл туралы «Алау» басылымы жазды.
Оқиға жұмыс уақытында кәсіпорынның ғимаратында болған. Қостанай облысы полиция департаменті бұл фактіні растады.
«Қазіргі таңда тергеу тағайындалды. Тергеу барысында дене жарақатының қандай деңгейде болғаны анықталады. Соған байланысты шешім қабылданады. Егер денеге жеңіл жарақат келген болса, іс ҚР Әкімшілік кодексінің 73-бабы бойынша қарастырылады. Бұл жағдайда 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған немесе 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынады. Егер жарақат орта деңгейлі болса, іс тергеуге жіберіледі», - деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды