ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Рейтинг: Қазақстан туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарында

Посткеңестік елдердің арасында ең жақсы көрсеткіш Эстонияда

Insurly.fr сайты (Франция) сарапшылары туристер үшін қауіпсіз елдердің рейтингін жасап, Қазақстан мемлекеті 180 мемлекеттің ішінде 71 орын алды. Бұл туралы Tengritravel.kz хабарлайды.

Сайттағы көрсеткіш бойынша, Қазақстан 100 балдан 59,4 ұпай жинаған. Рейтинг авторлары елдің денсаулық сақтау саласын 77 балмен, табиғи апат тәуекелдерін 75 балмен бағалаған. Көлікпен жүру қаупі 43 балдан төмен, зорлық-зомбылыққа ұшырау қаупі 40 балмен өте төмен бағаланған.

Посткеңестік елдердің арасында жоғары көрсеткішке Эстония (15), Литвы (43), Латвия (45), Өзбекстан (46) және Беларусь (48) елдері қол жеткізген.

Орташа көрсеткіш - Әзербайжан (52), Түркменстан (60), Молдавия (66), Гүржістан (68), Армения (72), Украина (83) және Ресей (86) елдерінде.

Ең төменгі көрсеткіш – Тәжікстан (93) және Қырғызстан (106) елдерінде.

Туризм үшін ең қауіпсіз мемлекеттердің үштігінде Швейцария, Сингапур және Норвегия көш бастап тұр. Ал, ең қауіпсіз елдердің қатарында Африка құрлығының Судан, Конго секілді мемлекеттері.