03.12.2022, 11:02
Жаңалықтар
Халық ақыны Қонысбай Әбіл дүниеден өтті
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер Қонысбай Әбіл дүниеден озды. Бұл туралы Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл дүние не болып кетті?! Астанадан таң бозымен тағы бір ауыр хабар жетті - арқалы ақын Қонысбай Әбіл дүниеден өтіпті! Жалған-ай! Қазақстанның Халық ақыны, атақты айтыскер, алты Алаштың ардақтысы, сөз сүлейі, сайыпқыран сатирик, қарымды қаламгер, тіл жанашыры, от ауызды, орақ тілді, сегіз қырлы, бір сырлы асыл азамат бұл пәниден бақиға көшіпті! Көкірегім қарс айырыла отырып, марқұмның отбасына, аяулы ақынын қадірлейтін халқымызға көңіл айтамын. Бақұл бол, досым! Жаның жаннатта болсын!», - дейді Ұлықбек Есдәулет.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді