$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді

Полицейлер ақбөкен мүйіздерін сақтау және сату фактісіне қатысты терегу амалдарын жүргізіп жатыр

Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді
фото: Polisia.kz

Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы іс-шараны жүргізді. ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты тексерді.

Күдіктінің үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі, сондай-ақ белгісіз тұқымды тастар табылды және тәркіленді.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 399-бабы бойынша тіркелді. Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#киік мүйізі