$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұздағы төтенше жағдай: «AMANAT» партиялық бақылау комитеті көмек көрсетуге кірісті

Бүгінгі таңда пәтерлердегі температура -18-20 градус, сыртқы ауа температурасы -29 градус

Екібастұздағы төтенше жағдай: «AMANAT» партиялық бақылау комитеті көмек көрсетуге кірісті

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов депутаттардың жылу желілерінде апатқа байланысты Екібастұзға барғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Осы жылдың 27 қарашасында сағат 01.20 Екібастұз ЖЭО-да экран құбырларының жарылуына байланысты су қысымын төмендету бойынша №11 қазандық тоқтады. Пайда болған қысымға байланысты желілік су қысымын төмендету бойынша №13, 14, 15 қазандықтар да тоқтады.

Көмек көрсету жөніндегі штаб құрылды. «AMANAT» партиясы азаматтардың көмегіне белсене араласып жатыр. Мобильді бригадалар құрамындағы қоғам белсенділері үй аралау жұмыстарын жүргізеді. Жалғыз тұратын зейнеткерлер, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жиналады», - деп жазды Артур Платонов. 

Сондай-ақ бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалынан гуманитарлық көмек жіберілуде.

Еріктілер штабының жұмысы бойынша жедел желі телефондары: 8-705-405-71-28, +777-79965010.

Көмек көрсеткісі келетіндер партия филиалына жүгіне алады: +701-705-00-65

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 138 адам және 35 техника жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары