Қостанайда қала тұрғынынан ақша бопсалаған жалған полицей ұсталды
Қазір күдікті қамауда отыр

Қостанайда жалған полицей қала тұрғынын қорқытып, 2 млн теңгесін иемденіп кеткен, деп хабаралйды Azattyq Ruhy.
Жалған полицейді ұстау операциясын Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері жүргізді
«Полицияға облыс орталығының тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ол өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкері деп таныстырған белгісіз ер адамның ақша бопсалағанын хабарлады. Өтініш берушінің барлық дәлелдері мұқият тексеріліп, расталды», – деді Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Қанат Меңдібаев.
Тексеру кезінде күдіктінің Қостанайға келген Ақмола облысының тұрғыны екені анықталды. Ол жәбірленушіні қылмыстық жауапкершілікке тартып, зиянды мәліметтерді таратамын деп қорқытып, екі миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен.
«Бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Өзіндік қауіпсіздік басқармаларының қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні Қостанай қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ол тұтқындалды, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп қорытындылады Серік Байғонов.